Қайда жүрсең де сені іздеймін
Өзің жоқ жерлерде жылу сезбеймін
Сенімен сынбаймын бәрі оп-оңай
Мен алқа болайын мойныңа тағылайын
Мен үшін тек сен queen
Сондықтан алдыңда тұрмын бас иіп
Айтып жіберші ИИН
Каспиден бракқа запрос жіберейін
Өміріме қоссаң береке
Әр күніңді жасаймын мереке
Ағаштан салбыраймын, сүйсін деп ернімнен Питерді сүйгендей Мери Джейн
Ауыр мінезің, әппақ тамағың
Сені көргенде аң-таң қаламын
Құпияларды сақта, қарағым
Түбі екеумізде тәтті-ақ аяғы
Алдың жүрегімді
Жаулап, сұлу күлкіңмен
Сол мінезіңмен
Мені өртеген
Қалай алдың жүрегімді?
Жаулап, сұлу күлкіңмен
Сол мінезіңмен
Мені өртеген
Бір өзіңе байланды есім
Көп керек етпеймін
Тек жанымда болсаң
Маған сол да жетеді
Сені мекен етемін
Қаһарманың болам
Тек жанымда болсаң
(негізі бұл)
Махаббат тым түсініксіз - косинус, синус
Бірақ мен үшін қымбаттысың, тәттісің - pringles
Өмірімді түрлі түске боядың - skittles
Маған төрт ұл ту жасайық - Beatles
Ауыр мінезің, әппақ тамағың
Сені көргенде аң-таң қаламын
Құпияларды сақта, қарағым
Түбі екеумізде тәтті-ақ аяғы
Алдың жүрегімді
Жаулап, сұлу күлкіңмен
Сол мінезіңмен
Мені өртеген
Қалай алдың жүрегімді
Жаулап, сұлу күлкіңмен
Сол мінезіңмен
Мені өртеген