Алға - Toregali Toreali
Lyrics by:Kainar Alagozov
Composed by:Esen Zhusupov
Теңізден өттік телегей
Мұхитқа жеттік кемедей
Айсбергтерді елемей
Оңға солға
Жолдағы тау да төбедей
Тағылған тасқа шегедей
Сұр мерген атқан жебедей
Алға
Алға тек алға
Жігіттері қазақтың
Еліңді қорға
Қазақ елі ғажаптым
Демеушім алла
Басқасынан азатпын
Қырандай самға
Жігіттері қазақтың
Өр еңсемізді бас қылмай
Намысымызды бастырмай
Даланы кезген қасқырдай
Оңға солға
Уықты ұстаған басқұрдай
Қазаққа қазақ қас қылмай
Жартасқа соққан тасқындай
Алға
Алға тек алға
Жігіттері қазақтың
Еліңді қорға
Қазақ елі ғажаптым
Демеушім алла
Басқасынан азатпын
Қырандай самға
Жігіттері қазақтың
Біз қазақ данамыз
Әлемде дарамыз
Ер жүрек бабамыз
Ақ жүрек анамыз
Алыстап қара күз
Жақындап барамыз
Жұмылып жүрейік
Ашылып санамыз
Түрленіп қаламыз
Гүлденіп даламыз
Көршіге күйдіргі
Көркейіп барамыз
Бар байлық біздікі
Бір болсақ қана біз
Шын өмір таппай шаттанбай
Жаңалық ашпай мақтанбай
Атамыз жұбан айтқандай
Бір қадам бассаң алға бас
Алға тек алға
Жігіттері қазақтың
Еліңді қорға
Қазақ елі ғажаптым
Демеушім алла
Басқасынан азатпын
Қырандай самға
Жігіттері қазақтың