Бәрі Де Бекер - Kairat Nurtas
Lyrics by:Ermakhan Kenekhan
Composed by:Erlan Kosherbayev
Бір жұлдыз сен деп ағып өтер
Бір ғұмыр өзін тәрік етер
Екеуміз бірге болмағаннан соң
Бақыттың маған бәріде бекер
Күз өтіп көктем тағы жетер
Аққулар әнін салып өтер
Екеуміз бірге жүрмегеннен соң
Бақыттың маған бәріде бекер
Үмітсіз жүріп ұмыта алмаймын
Ұмытқым келіп үміт арнаймын
Жанымды енді жалғанда мынау
Жалғыз-ақ сенің жылытар қайғың
Жанымды енді жалғанда мынау
Жалғыз-ақ сенің жылытар қайғың
Жаныңа сенің мәлім етер
Жасылдай көкті жарып өтер
Жүректің қайтем махаббатын
Жүрмесек бірге бәріде бекер
Атады жаздың таңы бекер
Жауады қыстың қары бекер
Екеуміз бірге көрмегеннен соң
Бәріде бекер бәріде бекер
Үмітсіз жүріп ұмыта алмаймын
Ұмытқым келіп үміт арнаймын
Жанымды енді жалғанда мынау
Жалғыз-ақ сенің жылытар қайғың
Жанымды енді жалғанда мынау
Жалғыз-ақ сенің жылытар қайғың
Үмітсіз жүріп ұмыта алмаймын
Ұмытқым келіп үміт арнаймын
Жанымды енді жалғанда мынау
Жалғыз-ақ сенің жылытар қайғың
Жанымды енді жалғанда мынау
Жалғыз-ақ сенің жылытар қайғың