Қолын бұлғайды
Шулаған балалық шақ
Мені қимайды
Қолымнан ұшқан ұшақ
Қайта оралсам
Алаңсыз сол шақтарға
Мен қойып кетер ем,
Қайта барар баспалдақ
Ойнадым су кешіп
Жауғанда жауын себелеп
Жүрегім шөлдесін
Тоймадым әлі еркелеп
Уақыт та тоқтамай
Зымырап өте берді тек
Егер берілсе бір ғана тілек…
Мәңгі сәби болып қала бергім келеді
Ескен самал желдің құшағында тербеліп
Мәңгі сәби болып қала бергім келеді
Бұдан асқан жылуды мен сезіп көрмедім
Мама..!
Еркеледім әбден
Қарамай шектеуіңе
Тоңған сәттерімде
Жылындым көлеңкеңде
Өсуге асығып
Ұядан кеткеніммен
Сенің құшағыңда
Ойнаймын су кешіп
Жауғанда жауын себелеп
Жүрегім шөлдесін
Тоймадым әлі еркелеп
Уақыт та тоқтамай
Зымырап өте берді тек
Егер берілсе бір ғана тілек…
Мәңгі сәби болып қала бергім келеді
Ескен самал желдің құшағында тербеліп
Мәңгі сәби болып қала бергім келеді
Бұдан асқан жылуды мен сезіп көрмедім
Мама..!
Мама..!
Мама..!
Мама..!
Мәңгі сәби болып қала бергім келеді
Ескен самал желдің құшағында тербеліп
Мәңгі сәби болып қала бергім келеді
Бұдан асқан жылуды мен сезіп көрмедім
Мама..!
Қолын бұлғайды
Шулаған балалық шақ
Мені қимайды
Қолымнан ұшқан ұшақ…